24 ақп, 2020 сағат 07:08

Эфиопияда Абай шығармашылығы таныстырылды

Эфиопияда Қазақстанның Елшілігі Абайдың шығармашылығын таныстырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аддис-Абеба университетінде Халықаралық ана тілі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Аталмыш шараға Ғылым және жоғарғы білім, Мәдениет министрліктерінің, БАҚ, Эфиопияның ғылыми және мәдени топтарының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты», делінген хабарламада.

Іс-шара бағдарламасына, атап айтқанда, әртүрлі елдер өкілдері, оның ішінде Қазақстан да қатысты. Осы жылы қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында елшіліктің ұжымы оның шығармашылығының тұсаукесерін жасап, «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде орындады.

Шараның ресми бөлігі кезінде Эфиопияның Мәдениет пен ғылым және жоғарғы білім министрлері, Аддис-Абеба университетінің президенті және UNESCO өкілдері сөз сөйледі.