07 мам, 2021 сағат 19:23

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирін сәтсіз аяқтады


Ресейдің Қазан қаласында әлемдік Grand Slam додасы қазақстандық дзюдошылар үшін аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарыстың соңғы күнінде белдескен қазақстандық балуандар іріктеу кезеңінде ширек финалға жете алмады. 

90 келіде Ислам Бозбаев германиялық Эдауард Триппелге жол берді. 

Дәл осы салмақта сынға түскен Айдар Арапов израильдік Ли Кочманнан ұтылды. 

Ал 100 келдіде Бекарыс Сәдуақас екінші белдесуінде ресейлік Нияз Биляловтан жеңілді. 

Аса ауыр салмақта сынға түскен Ерасыл Қажыбаев Влэдуц Симьонескуге (Румыния) есе жіберді. 

Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрамасы Олимпиада алдындағы соңғы рейтингтік Grand Slam додасын екі қола жүлдемен аяқтады. 

Жарыстың алғашқы күнінде оны 60 келіде Дәурен Сүйеукенов пен 66 келіде Есет Қуанов жеңіп алған болатын.