29 қаз, 2025 сағат 10:33

«Дуалап алды»: Танымал актер өзінен 8 жас үлкен әйелге үйленуге ата-анасы қарсы болғанын айтты

Фото: ашық дереккөз

Актриса Жанель Мақажанның жұбайы Абай Асылхан тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат беріп, жеке өмірі туралы ашық айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Абайдың айтуынша, ол Жанельмен алғаш танысқанда оның бұрын тұрмыста болғанын және екі баласы бар екенін білген.

«Жанель ханым менен 8 жас үлкен. Мен Жанельді басынан араласқан кезден оның бірінші отбасы болғанын, одан екі баласы бар екенін білдім. Мен ол кезде студентпін, менің ешқандай ойым болған жоқ. Кейін бір жобаны бірге бастаған кезде оған деген жылулық пайда болды», – дейді ол.


Актердің сөзінше, сүйіктісіне үйлену туралы шешім қабылдаған кезде ата-анасы бұған қарсы болған. Олар жас айырмашылығын, әйелдің екі баласы барын және қоғамның теріс пікірін алға тартқан.

«Өзіңнен 8 жас үлкен, екі баласы бар, ағайынның сөзі бар, ұят болады, қалай болады деп ата-анам айтты. Сөйтіп біз көп сынақтардан өттік. Қазақстанның өзі екіге бөлініп кетті. “Табалдырық көрген қатынды қайтесің, дуалап алды, тележкасы бар қатынды қайтесің”, деген сөздер көп айтылды», – дейді Абай Асылхан.