Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Достық – Мойынты теміржолының екінші желісінің іске қосылуына қатысты. Салтанатты рәсім VII халықаралық «New Silk Way» көлік-логистика бизнес-форумы аясында өтті.
Фото: Ақорда
Жоба стратегиялық маңызға ие. Ұзындығы 836 шақырым болатын жаңа магистраль жүк тасымалы көлемін бес есе арттыруға, экспорттық тауарларды жеткізу мерзімін қысқартуға және Қазақстанның Қытаймен транзиттік әлеуетін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді.
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы атап өткендей:
«Бұл шынымен де тарихи сәт. Үш жылға жуық уақыт бойы тынымсыз еңбек еткен жұмысшыларымыздың табанды еңбегінің арқасында теміржолды мерзімінен бұрын іске қосу мүмкін болды. Жаңа жол Қазақстанның экономикасын және транзиттік әлеуетін нығайтады».
Фото: Ақорда
Integra Construction KZ-дың қатысуы
Бұл ауқымды жобаның бас мердігері Integra Construction KZ компаниясы болды. Қозғалыстың іске қосылуы телемост форматында өтіп, оған компанияның бенефициарлық иесі Мұталiп Шахмурат пен Бақылау кеңесінің төрағасы Кудрат Шамиев қатысты.
«Осындай тарихи жобаға атсалысқанымызды зор мақтаныш санаймыз. Достық – Мойынты екінші желісі – Қазақстанды әлемнің ең ірі нарықтарымен байланыстыратын маңызды артерия. Біздің еңбегімізді Мемлекет басшысының өзі атап өткені біз үшін аса маңызды. Жаңа магистраль ел экономикасының драйверіне айналып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін алдағы ондаған жылдарға нығайта түсетініне сенімдіміз. Басшылық атынан бүкіл командаға кәсіби біліктілігі мен ісіне адалдығы үшін алғыс білдіреміз», - деп атап өтті Кудрат Шамиев.
Фото: Ақорда
Достық – Мойынты екінші желісінің ұзындығы 836 шақырымды құрайды. Құрылысы үш жылға жуық күрделі климаттық жағдайда жүріп, белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды. Жобаны іске асыруға мыңдаған қазақстандық маман қатысты. Құрылысқа пайдаланылған материалдар мен техниканың 80%-дан астамы отандық өндірістен болды.
Айта кетейік, Integra Construction KZ – Қазақстандағы ірі құрылыс компанияларының бірі, ел экономикасын дамытуға ықпал ететін ауқымды инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды жүзеге асырумен айналысады.
