19 ақп, 2020 сағат 15:55

Досаев Назарбаевқа Ұлттық қор туралы ақпарат берді

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

Ұлттық банктің төрағасы Елбасыға 2020 жылдың қаңтарында ақша-несие саясатын жүзеге асыру, елдің алтын валюта активтері мен Ұлттық қордың ахуалы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар кездесу барысында Е. Досаев «Бес әлеуметтік бастама» аясындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру тақырыбы қозғалды.