Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында «Знамя-Удмуртия» командасымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жолы 12-минутта қонақтардан Александр Казаев есеп ашты.
Екінші таймда Андрей Киселев 2:0-ге жеткізді.
Дегенмен 59-минутта «Ақжайық» капитаны Максим Өтебалиев, 67-минутта ресейлік легионер Максим Пахомов мергендік танытты. Екі минуттан соң М.Өтебалиев жеңіс голын соқты - 3:2. 87-минутта М.Пахомов 12 метрлік айып добын дәл орындай алмады.
Осы ойыннан кейін 15 ұпай жинаған оралдық клуб үшінші топта 3-сатыға көтерілді.
Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі кездесулерін 26-27 желтоқсанда «Кировец» (Уфа) командасымен өткізеді.