08 шіл, 2025 сағат 10:46

Дональд Трамп қазақстандық импортқа 25 пайыздық баж салығын енгізетінін хабарлады

Фото: ашық дереккөз

Truth Social желісінде жариялаған мәлімдемесінде АҚШ президенті 1 тамыздан бастап Қазақстаннан жеткізілетін барлық тауарларға 25% көлемінде кедендік алым салынатынын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Сонымен қатар, Трамп Қазақстан АҚШ аумағында өндіріс орындарын ашса, бұл тарифтер жойылуы мүмкін екенін атап өтті.

Осыған ұқсас баж салығы Жапония, Оңтүстік Корея, Тунис, Индонезия және Солтүстік Африка елдерінен келетін өнімдерге де енгізілмек.