Сурет: ашық дереккөз
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472– 476 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472,1 - 474,3 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Астанада доллар бағамы 472 - 476 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 15 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475, 03 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 44 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,31 - 5,41 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,25 -5,4 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 12 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,43 теңгеге қымбаттап, 474,66 теңге болған.