19 нау, 2020 сағат 08:03

Доллар тағы да қымбаттады: 19 наурыздағы валюта бағамы қандай?

Алматы мен астанадағы кейбір валюта айырбастау пунктерінде доллар 470-471,5 теңге шамасында сатылып жатыр, деп жазылған Kurs.kz сайтында.

Валюта айырбастау пунктерінің біразында доллар сатылмайды.

Долларды сатып алу бағамы 430-448 теңге шамасында. Ұлттық банктің 19 наурыздағы ресми бағамы 439,32 теңге.

Еуро кейбір жерде 500 теңгеден асты, сату бағамы 487-523 теңге.

Сәрсенбі күні мұнай бағасы рекордтық көрсеткішке дейін төмендеген болатын. Лондондық ICE Futures биржасында Brent мұнайының бағасы 14,7%-ға арзандады. Баррелі үшін - 24,52 доллар. Бұл - 2003 жылдан бері ең төменгі көрсеткіш.