Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472 - 477 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 23 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 473,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,40 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 - 477 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 473,1 - 475,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,27 - 5,43 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 22 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5,12 теңгеге төмендеп, 473, 16 теңге болған.