Фото: Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Денис Шиппті Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымынан босатқанын жазған едік.