5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтіп жатқан аударыспақтан бірінші жарыс күні спортшылар ерекше нәтиже көрсетіп, қазақстандық спортшылар бірден үш салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Олар: 60 келі салмақ дәрежесіндегі Ермек Құралбай, 70 келі салмақ дәрежесіндегі Алмат Ләтіпбек және 80 келі салмақ дәрежесіндегі Дарын Өткелбай.
«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.
10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.