Фото: Tengrinews.kz
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің айтуынша, ауылдық жерлерде кадр тапшылығын азайту үшін «Дипломмен ауылға» жобасы жалғасуда, деп хабарлайды Ult.kz.
Бағдарлама аясында жас мамандарға 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы және 2500 АЕК-ке дейін тұрғын үй алуға жеңілдетілген несие қарастырылған.
2009–2024 жылдар аралығында 114 мыңнан астам маман жәрдемақы алып, 52 мыңнан астамы жеңілдетілген несиеге қол жеткізген. Қатысушылардың басым бөлігі – жастар.
