25 қыр, 2018 сағат 14:17

Діни бағыттағы балабақшалардың жұмысы тоқтатылды - министрлік

Діни бағыттағы балабақшалардың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында  ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Былтыр бүкіл балабақшаларға тексеру жүргіздік. Шынымен де олардың арасында діни бағыттағы балабақшалар анықталды, соның ішінде Алматыда және басқа қалаларда болды. Атап айтқанда, олардың жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың күшімен тоқтатылды. Бұл жерлерг


Оның сөзіне қарағанда, білім беру ұйымдарында осындай мониторингтік шаралар жүргізіліп тұрады.

Айта кетейік, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Жобада мемлекеттік қызметшілердің дін саласындағы әдебіне байланысты бірқатар талаптар нақтыланған. 

Отырыс барысында Берік Арын тұрақты айлығы жоқ имамдардың мәселесі шешу бағытында Үкіметке тиісті ұсыныс жасалғанын атап өтті.