Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Қазақстандық Динара Сәдуақасова Алматы қаласында өтіп жатқан шахматтан (рапид) әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Динара соңғы бәсекеде қытайлық Тань Чжунъиге есе жіберді.
Қос спортшы арасындағы бірінші партия тең аяқталды. Ал тай-брейкте қытайлық шахматшы жеңісті жұлып алды.
Екі спортшы да 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинаған еді.
Ал үндістандық Савита Шри үздік үштікке ілікті.