Ислам діні қашанда адамның абыройы мен ар — ожданын бәрінен де жоғары қойып, отбасы мен қоғам бірлігін, ынтымағын сақтауға күш салады, әлеуметтік әділеттілікті қолдап, он сегіз мың ғаламдағы барлық тіршілік иесінің бірде — біреуіне қылдай да қиянатың жасалмауын қалайды. Өйткені, Ислам дінінің басты мұратының бірі – адамдар арасында бейбіт қарым – қатынастар орнатып, тыныштықта тату – тәтті өмір сүру. Өмірде пәктік пен ізгілікке негізделген, имндылық пен рухани тазалықты ту еткен Ислам дінінің Алла Тағала нұрымен санамызға сіңіруі бойынша, адам баласы мейірімді ісімен, көркем мінез — қылығымен, адал қарым-қатынасымен ғана Жаратушы Иесіне жақындай алады. Сол себепті ақ ниетті баласы Исламды бейбітшілік, зиялылық, имандылық, шапағаттылық, қайырымдылық діні деп санайды, оның бүкіл әлем халқына бірін – бірі танысын, бір – бірімен ынтымақта болсын, достыққа өмір сүрсін деп Алла Тағала тарапынан түсірілгеніне шек келтірмейді.
Ислам – ақылдың, білімнің, мейірімділік пен жанашырлықтың діні. Сондықтан да теріс ағымның қаншалықты қауіпті екенін, олардың артында да үлкен күштердің теріс пиғылы тұрғанын ескерту – негізгі мақсат.
Осы орайда бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында облыстық дін істері басқармасының жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог маманы Б.Омарбаев шаһардағы№1 Е.Молдабаев, Ә.Жангелдин, Б.Момышұлы және С.Қожанов атындағы жалпы орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Дін бірлігі – мемлекет тұтастығы» тақырыптарында дәріс оқыды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.
Кездесудің мақсаты жастардың ислам дініндегі құндылықтары туралы мәліметтер алуға, дәстүрлі және жат пиғылды діни ағымдардың не екендігін ұқтыру, діннің діңгегі – дәстүрімен беріктігін насихаттау болып табылады.
Жиын соңында оқушыларға түрлі ағымдар мен секталардан сақтандыруға арналған әдеби кітапшалар мен бейнетаспалар таратылып, жаңа талап жас буын көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.