сурет ашық дереккөзден алынды
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Наурыз мерекесіне орай Мексика астанасының метросында көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
27 ақпанда Мексика метросының 576 медиафасадында Димаштың "Kieli meken" әнінің бейнебаяны көрсетіле бастады. Акцияны жергілікті жанкүйерлер Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған.
Видео 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында сағат сайын көрсетіледі.
«Dimash Qudaibergen Méxicoficial» фан-клубы (Dears) Димаштың қойылымдарын Мехикодағы медиафасадта осымен екінші рет ұйымдастырып отыр.
Метро - қаланың негізгі көлік құралдарының бірі, сондықтан бейнебаянды 3 миллионға жуық адам көреді.
Сурет: dimashnews.com