Димаш Құдайберген Мысырдағы Гиза қаласында «The Pyramids Echo» фестивалі аясында алғашқы жеке концертін өткізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Әнші Африка құрлығында, әйгілі Мысыр пирамидаларының жанында жеке шығармашылығын ұсынған алғашқы қазақстандық және ТМД елдерінен шыққан тұңғыш әртіс.
Сондай-ақ фестивальдің Pyramids Panorama алаңындағы жабылу концерті Қазақстан мен Қырғызстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенге тапсырылған.
