03 қаз, 2025 сағат 13:06

Димаш Құдайберген концерт өткізу үшін Нью-Йоркке барды

Фото: скриншот

Нью-Йорктегі Джон Кеннеди халықаралық әуежайында әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Ult.kz.

Тыңдармандары әншіні арнайы дайындалған сәнді образдарымен, ұлттық жалаушаларымен, төсбелгілерімен және баннерлерімен қарсы алуға жиналды.

Dears қауымдастығы Димаштың әндерін қосып, биыл жазда хит болған «Tau Ishinde» әнін бірге шырқады.

Айта кетсек, 5 қазанда Нью-Йорктің әйгілі Madison Square Garden сахнасында Димаштың «Stranger» атты жеке концерті өтеді.