Фото: ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап ең сұранысқа ие 8 медициналық анықтаманы электрондық форматқа белсенді түрде көшіріп келеді, деп хабарлайды Ult.kz.
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы - аурухана парағы;
- 075/е «Медициналық анықтама»;
- 026/ е «ДКК қорытындысы»;
- 073/е «КҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»;
- 069/е «Санаторийлік-курорттық карта»;
- 052-2/е «Баланың денсаулық паспорты»;
- 076/е «Қаруға рұқсат алу»;
- 038/е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттардың қағаз нұсқаларын алып жүрудің қажеті жоқ, бұл анықтама алушылардың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Цифрлық медициналық құжаттарға көшу оларды бұрмалау және заңсыз беру мүмкіндігін болдырмайтынын атап өткен жөн.
Мәселен, бүгінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 наурызға дейін берілген 4,3 млн-нан астам еңбекке жарамсыздық парағы цифрландырылды.
Министрлік еңбекке жарамсыздық парағын алудың бизнес-процесіне реинжиниринг жүргізді: еңбекке жарамсыздық парағын беру медициналық ұйым қызметкерінің МАЖ-ға электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылғаннан кейін жүзеге асырылады, осылайша құжаттың заңдылығын растайды.
Еңбекке жарамсыздық парақтарын ашу туралы фактілер азаматтың келісімімен жұмыс берушіге беріледі.
Егер бұрын жұмыс беруші қызметкердің жұмысқа шыққан кездегі ауруы туралы білсе, енді hr.enbek.kz порталы арқылы аурухана парағының ашылуы немесе ұзартылуы туралы электрондық хабарлама келіп түседі. Қызметкер үшін еңбекке жарамсыздық парағы Enbek HR мобилдік қосымшасы арқылы қолжетімді болады.
Сонымен қатар, қызметкер еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген қолданыстағы еңбек шарты бар жұмыс берушінің жеке кабинетіне еңбекке жарамсыздық парағын жіберуге мүмкіндігі бар.
Жұмыс берушілер үшін hr.enbek.kz порталдағы «Жеке іс» модулі арқылы қызметкерлердің еңбекке жарамсыздық парақтарын өз бетінше сұрау мүмкіндігі, hr.enbek.kzсондай-ақ 2025 жылғы 1 маусымға дейін дербес деректерді өңдеуге келісім сұратумен қосымша әзірленетін болады.
Бүгінгі таңда 749 қызметкер жаңа механизм бойынша 506 жұмыс берушіге 825 еңбекке жарамсыздық парағын жіберді.
Қазіргі уақытта барлық медициналық ұйымдарда электрондық еңбекке жарамсыздық парақтары енгізілуде, бірақ қағаз парақтары 2025 жылғы 1 маусымға дейін жұмыс істейді.