Фото: Үкімет
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс орнында болған шабуыл салдарынан ауыр бас-ми жарақатын алып, шұғыл Астанаға жеткізілген қостанайлық жас дәрігер Антон Кистановтың жағдайын білу үшін ауруханаға барды. Бұл туралы министр өзінің Фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
«Жас дәрігердің рухы сынып, психологиялық тұрғыда күйзеліп қалар ма екен деп іштей уайымдадым… Бірақ, Антон Николаевичтің қайта аяққа тұрып, өз жұмыс орнына оралсам деген табанды ниетін көріп, көңілім орнына түсті.
Ол барлығына алғысын білдіріп, өзін үлкен медициналық отбасының бір мүшесі ретінде сезінгенін, әріптестерінің, пациенттердің және бейжай қарамай, қолдау білдірген барлық отандастарының шексіз қамқорлығы мен жанашырлығы жүрегін тебіренткенін жеткізді», - делінген жазбада.
Пациенттің шабуылынан зардап шеккен қостанайлық дәрігер Астанаға жеткізілді.
