Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 9 адам жансақтау бөлімшесінде жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінге дейін Арыстағы жарылыс салдарынан 409 адам медициналық көмек сұрап келді. Олардың 309-ы амбулаториялық ем алып, үйлеріне жіберілді. 80 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың 15-і мен 1 бала жазылып шықты. Қазіргі таңда 64 науқас ауруханада қалып отыр. Ол науқастардың ішінде тоғыз пациент жансақтау бөлімшелерінде жатыр, оның төртеуі бала», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.