20 шіл, 2018 сағат 22:41

Денис Теннің жақындары қайғылы оқиға куәгерлерінен көмек сұрады

Денис Теннің туыстары мен жақындары әлеуметтік желіде хабарлама таратты. Олар оқиғаға куә болған адамдардың хабарласуын өтінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиғаны көзімен көрген жігіттің хабарласуын өтінеміз. Шамамен  сағат 14:40-15:00 кезінде бұл жігіт сол жерде спортпен айналысып жатқан. Еуропа нәсілді ер адам, шашы қысқа.  Сіздің көмегіңіз өте керек. Өтінеміз, көмектесіңіз», - деді спортшының жақындары. 

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 

2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды. 

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті - 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Сондай-ақ,  Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов күзетпен Алмалы аудандық сотына жеткізілген.

Ал Денис Теннің өлімі бойынша күдікті екінші адам Арман Құдайбергенов ұсталды.