Алматы қалалық ІІД белгілі спортшы Денис Теннің өліміне қатысты баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен. Спортшы оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алған.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне ҚР ҚК 106-бабымен (адам денсаулығына қасақана ауыр дәрежеде зиян келтіру) тіркелсе, енді ол ҚР ҚК 99-бабының 2-бөліміне (адам өлтіру) ауыстырылды. Күдіктілерді анықтау бойынша жұмыс атқарылып жатыр», - деді қалалық ІІД баспасөз қызметіне.
Еске сала кетейік, Данис Тен сағат үште пышақ жарақатын алып, Алматыдағы орталық ауруханаға түскен. Оқыс оқиға Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында болған.
Алматы ІІД берген мәліметтерге қарағанда, спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен.
Өкінішке қарай, 17:30-да Тенис Тен қайтыс болды.