Қазақстандық спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жапонияның Ногая қаласында шорт-тректен ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша финал аяқталды. Қазақстан құрамасының мүшесі Денис Никиша тиісті қашықтықты 58.267 уақытта бағындырып қола жүлдеге ие болды.
Айта кетерлігі, бұл - Денистің биылғы маусымдағы екінші жүлдесі. Қытайда өткен әлем кубогінің бірінші кезеңінде де ол қола жүлдені жеңіп алған болатын.