25 шіл, 2024 сағат 17:45

"Демократия маңыздырақ": Джо Байден үндеу жасады


Фото: Marco Bello / Reuters

АҚШ президенті Джо Байден өз үндеуінде неге президенттік жарыстан шығу туралы шешім қабылдағанын айтты, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Менің президент ретіндегі жетістіктерім, әлемдегі көшбасшылығым, Американың болашағы туралы көзқарасым екінші мерзімге лайық деп санаймын. Бірақ біздің демократияны құтқару жолында ештеңе тұра алмайды. Бұл жеке амбицияларға да қатысты", - деді ол.


Байденнің айтуынша, соңғы аптада ол ел мен Демократиялық партияны біріктіру керек екенін және алға жылжудың ең жақсы жолы — "эстафетаны жаңа ұрпаққа беру" екенін түсінген.

"Бұл біздің ұлтты біріктірудің ең жақсы тәсілі. Қоғам өмірінде көп жылдық тәжірибесі бар адамдар үшін уақыт пен орын бар. Сондай — ақ жаңа және жас дауыстарға уақыт пен орын бар", -дейді ол.


Байден өз еліне шексіз махабатын жеткізіп, АҚШ-қа президент ретінде қызмет ету мәртебе болғанын айтты.

Сонымен қатар ол американдықтарды президенттікке үміткер Камала Харриске қолдау көрсетуге шақырды.

"Мен өз таңдауымды жасадым, енді таңдау сіздікі", — деді Байден.