Фото: Julia Sudnitskaya / Shutterstock
Қазгидромет 1 шілде мен 3 шілде аралығындағы ауа райына болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер мәліметінше, атмосфералық фронтал бөліктердің өтуімен елдің басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады деп болжанып отыр. Тек 1-2 шілдеде солтүстік және орталықта, 2-3 шілдеде шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сондай-ақ 1-2 шілдеде батыста, 2-3 шілдеде солтүстік-батыста, 1 шілдеде еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады. Ал 3 шілдеден бастап еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ауа температурасы батыста күндіз +27+35 дейін, солтүстік-батыста +22+32 дейін, солтүстікте, еліміздің орталығында +30+35 дейін, шығыста +25+33 дейін, оңтүстік-шығыста +32+37 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстікте негізгі фон +32+40 градус болады деп болжанған.