Фото: pixabay.com
Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер мәліметінше, республиканың батыс және оңтүстік бөлігіне солтүстік-батыс антициклон әсер етеді. Сондықтан әлі де жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады.
"Еліміздің солтүстік, шығыс және орталығына Баренц теңізі аудандарының циклоны әсер етеді, сондықтан қар жауып, жел күшейеді. Ауа температурасында күрт өзгеріс болмайды", - делінген хабарламада.