Қазгидромет 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Солтүстікте, республиканың басым бөлігінде қар аралас жауын-шашын болады.
"20 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болады. Республикада жел күшейіп, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта бұрқасын күтіледі", - делінген хабарламада.