Дәулет Ерғожин ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген Өкімде.
Мемлекет басшысының Өкімімен Қабдылкәрім Ратайұлы Әбдіқазымов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.