Фото:gov.kz
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ult.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.