05 там, 2021 сағат 12:30

Дархан Асәділов Токио Олимпиадасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді


Токио Олимпиадасында қазақстандық Дархан Асәділов (67 келі) каратэ-додан екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жолы қазақстандық спортшы Фирдовси Фарзалиевпен кездесті. Отандасымыз қарсыласынан 6:2 есебімен басым түсті. 

Еске салсақ, ол алғашқы жекпе-жегінде түркиялық Эрай Самданнан айласын асырды. 

Енді Дархан жапониялық Саго Наотомен шеберлік байқасады. 

Дархан Асәділов 1987 жылы 8 тамызда дүниеге келген. 

Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Азия чемпионатында бірнеше дүркін жүлделі болды.