Токио Олимпиадасында каратеден соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Қазақстан сапынан екі спортшы сынға түсуде. Олар – Софья Берульцева мен Данияр Юлдашев.
Юлдашев Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) бірге В тобында сынға түсіп жатыр.
Алғашқы кезеңде Данияр Юлдашев германия Йонатан Хорнемен кездесіп, 4:4 есебімен тең түсті. Осылайша, алғашқы бір ұпайын еншіледі.
Юлдашев келесіде жапониялық каратэшімен кездеседі.