Қазақстандық менеджер Саят Әбдірахманов Дамир Исмағұлов қатысатын жекпе-жек өтпейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Саят Әбдірахманов боксшының UFC 267 алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде сәтсіздікке ұшырау себебін түсіндірді.
"Салмақ тастау кезінде денсаулығы нашарлады. Жаттығуды жалғастыруға мүмкіндігі болмады. Белгілі себептермен жекпе-жек тоқтатылды. Ең бастысы, денсаулық, қалғаны кейін. Қазір Дамирдің жағдайы біртіндеп жақсарып келеді", - деді Әбдірахманов.