Ресейлік аралас жекпе-жек (ММА) файтері, этникалық қазақ Дамир Исмағұлов 22 мамырда UFC-дегі жаңа келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жекке қатысты жаңа деректерді Sherdog порталы жариялады. Бастапқыда ол Хьюстондағы (Техас, АҚШ) турнирде бір апта бұрын өткізіледі деп жоспарланған болатын. Енді Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетіні белгілі болды.