Лондондық "Челси" испаниялық "Вильярреалды" жеңіп, УЕФА Суперкубогін иеленді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы "Уиндзор Парк" стадионында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Хаким Зиештің голына (27-минутта) испандар Жерар Мореноның дәл соққысымен (73-минутта) жауап берді.