27 мам, 2022 сағат 07:42

"Челси" клубы 5,3 миллиард долларға сатылды


Роман Абрамовичтің "Челси" футбол клубы америкалық миллиардер Тодд Боэлидің тобына ресми түрде сатылды. Бұл туралы R-Sport мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Бұған дейін "Челси" Боэли консорциумының 5,3 миллиард доллар тұратын бақылау пакетін сатып алу шарттарына келіскен болатын. Алайда, команданың қожайыны Абрамович Ұлыбритания үкіметі ұсынған келісімнен бас тартқаннан кейін клубтың сатылатыны күмән тудырған. Кейін келіспеушіліктер реттеліп, клубтың Абрамович алдындағы 1,6 миллиард фунт стерлинг қарызы өтелетін болды.

Портал мәліметінше, мәмілені Ұлыбритания үкіметі ғана емес, Португалия билігі де мақұлдауы керек, себебі, Абрамовичте осы елдің азаматтығы бар. Ұлыбританиялық министрлер кабинетінің мүшелері Еуропалық комиссиядағы әріптестерімен келісімді мақұлдап, қажетті кепілдіктерді беру үшін келіссөздер жүргізді. 26 мамырда Португалия Абрамовичке клубты сатуға рұқсат берді.

Еске салайық, лондондық клубты сатып алуға "Формула 1" жүргізушісі Льюис Хэмилтон мен теннисші Серена Уильямс ниет білдірген болатын.