БЗЖҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық қоржынынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2017 жылдың алғашқы алты айында 205,7 млрд теңге таза инвестициялық табыс түскен.
Бүгінгі таңда Қордың зейнетақы активтері бірнеше бағытта инвестицияланған.
«Сонымен қоржындағы негізгі қаржы құралы - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздары». Олардың үлес салмағы - 42,43%. Ал 2017 жылдың маусымда 126,55 млрд теңгеге артып, 3 028, 74 млрд теңге.
Екінші орында «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары». Олардың пайыздық үлесі - 19,13%. Бұл облигациялардың ағымдағы құны 1 365,84 млрд теңге болып отыр.
Үшінші орынға «Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары» орналасты. Олардың үлесі - 11,32%. Ал ағымдағы құны 808,13 млрд теңге болды», - деді баспасөз қызметінен.
Мамандардың айтуынша, негізінен қаржы құралдары теңгеде (72,78%), АҚШ долларында (26,60%) және Ресей рублінде (0,48%) инвестицияланған.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыстың көлемі қаржы нарығындағы ахуалдарға және ҚР Ұлттық Банкінің зейнетақы активтерін инвестициялаған қаржы құралдарының бағасына тәуелді.
Ұлттық Банк өзінің инвестициялық стратегиясында ұзақ мерзімді келешекте табыстылықтың теңдестірілген деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әртараптандырылған инвестициялық қоржын тұжырымдамасын ұстанып келеді. Сондықтан да инвестициялық қоржын әр түрлі қаржы құралдарынан тұрады.
2017 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің жалпы құны жеке зейнетақы шоттарындағы ақшаларды есепке алмағанда 7 138,97 млрд теңге болған. Бұл жыл басындағы көрсеткішпен (6 680,14 млрд теңге) салыстырғанда 458,83 млрд теңгеге артық.
Зейнетақы активтерінің портфелін басқару бойынша инвестициялық қызмет туралы толыққанды ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.