2019 жылғы шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 995,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестициялық портфельді сақталуы мен кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланды.
"2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 995,5 млрд теңгені құрады. Ақша қаражаты және теңгеге номинирленген қаржы құралдары 6 819,7 млрд теңгені немесе 68,2%-ды, шетел валютасына номинирленген қаржы құралдары 3 175,8 млрд теңгені немесе 31,8%-ды құрады. БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады. 2019 жылғы маусымда теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 239,4 млрд теңгені құрады", - делінген таратылған ақпаратта.
2019 жылғы маусымда АО «DTJ» АҚ облигацияларының бір бөлігі 1,1 млрд теңге сомаға сатылды. Қаралып отырған кезеңде банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес ҚР ЕДБ депозиттері бойынша негізгі борыш жалпы сомасы 0,4 млрд теңгеге мерзімінен бұрын ішінара өтелген.
"БЖЗҚ-ның шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтердің жалпы құрылымына және инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады. 2019 жылғы маусымда шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 135,6 млрд теңге болды. Аталған көлемге жылдық 2,2% орташа алынған кірістілікпен АҚШ Үкіметінің МБҚ сатып алынды. 2019 жылғы маусымда бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес 215,5 млрд теңге жалпы сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ бойынша негізгі борышты өтеу жүргізілді, сондай-ақ «ForteBank» АҚ халықаралық облигациялары бойынша 0,06 млрд. теңге сомаға негізгі борышты ішінара өтеу жүргізілді", - делінген ттаратылған ақпаратта.
2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 285,2 млрд теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бастап зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 2,69% болды.
Бұл ретте 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2018 жылғы сәуір – 2019 жылғы маусым аралығы) зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,4% мөлшердегі инфляция кезінде 9,36%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 3,96%-ды құраған.