07 ақп, 2025 сағат 16:20

Былтыр Қытайдан Қазақстанға қанша турист келді?

 
Фото:russiantourism.ru

2024 жылы Қытайдан келген туристер легі 655 мың адамды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп, деп хабарлайды Ult.kz.

"Көрсеткіш Қытай азаматтарының мәдени және табиғи мұрамызға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді", -дейді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.


Сонымен қатар, Н. Кәріпбаевтың сөзінше туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды. 1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар тарап, бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланғанын атап өту керек.