18 қыр, 2025 сағат 15:54

БҰҰ комиссиясы: Израильдің Газа секторындағы әрекеттері – геноцид

Фото: CNN

БҰҰ-ның Палестина жөніндегі Тәуелсіз халықаралық комиссиясы Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін геноцид деп таныды. Бұл туралы CNN хабарлады.

Комиссияның баяндамасында Израиль билігінің палестиналықтарды топ ретінде ішінара жоюға бағытталған қадамдары атап өтілген. Атап айтқанда, бала тууға кедергі келтіретін шараларды енгізу, сондай-ақ өмір сүру жағдайларын әдейі қиындастыру арқылы халықты физикалық тұрғыда жою әрекеттері көрсетілген. Бұл — Рим статуты мен Геноцид қылмысының алдын алу және жазалау туралы конвенцияда сипатталған белгілерге сай келеді.

Мәліметке сәйкес, 2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль халықаралық құқықта көрсетілген геноцидтің бес әрекетінің төртеуін жасағанына негіз бар:

  • палестиналықтарды өлтіру,

  • ауыр дене жарақаттарын салу,

  • толық немесе ішінара жоюға бағытталған өмір сүру жағдайларын жасау,

  • бала тууға кедергі келтіру.

Ал Израильдің Сыртқы істер министрлігі бұл айыптауларды "бұрмаланған әрі жалған" деп жоққа шығарып, комиссияны таратуға шақырды. Министрлік өкілдері комиссия мүшелерін "ХАМАС-тың сенімді өкілдері" деп атап, олардың "жалған ақпаратқа сүйеніп отырғанын" мәлімдеді.