10 қыр, 2025 сағат 09:24

«Бүркітші» көркем фильмінің түсірілімі басталды

Коллаж: Ult.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және Ұлттық кино орталығының қолдауымен «Бүркітші» көркем фильмінің түсірілім жұмыстары басталды. Фильм Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясында түсірілуде, деп хабарлайды Ult.kz.

Аталған жоба 2024 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпазы атанып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Сценарий авторлары – Қуаныш  Стаханов, Ефрат Шәріпов. Қоюшы режиссер – Қуаныш Стаханов. Түсірілім алаңында шығармашыл жастар көп, бұл жоба жас дарындардың кәсіби өсуіне үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Фильмнің сюжеті өзекті әлеуметтік мәселелерді қамтиды.

«Бүркітші» фильмі ұлттық киноөндірісті дамытуға және заманауи қоғамның өзекті мәселелерін көтеретін әлеуметтік маңызы бар контент жасауға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 118 фильмнің өндірісі аяқталды.