Жалпы біздің Елде интернетті қадағалайтын, әлеуметтік желіге ортақ тәртіп орнататын жүйе, қызмет, штаб керек сияқты.
Аяның ажалы, Тұрсынбектің қызына шүйлігу, ресми ақпаратты бұрмалау - осының барлығы бір орталық қызметтің, жалпылама әлеуметтік желіні қадағалайтын орталықтың болмауынан шығып отыр.
Әрине әр адам өз пікірін айтуға құқылы, алайда пікір айтамыз деп жеке басқа шығып кететіндер жетіп жатыр. Интернет сұхбаттың, онлайн қарым-қатынастың этикасы жоқ. Боқтық, блапыт, анайы сөздер желіде жауапкершіліксіз жазылып жатады.
Желідегі буллингты бір тежейтін кез келген сияқты. Фактсыз, жалпылама айыптаған адамдарды жауапқа тартатын кез келді. Фейк аккаунттарды блоктайтын кез келді. Мемлекет интернет пен онлайн сұхбаттың этикасын бір адами арнаға салу керек. Әйтпесе лағып барады мына Фейсбук…
Самат Нұртазаның фэйсбуктағы жазбасынан