16 қар, 2023 сағат 15:19

Бұл әлі жоспар ғана - Ләззат Ибрагимова «9-20-25» бағдарламасы жайлы

Фото: primeminister.kz

2024 жылы 9-20-29 ипотекалық бағдарламасы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Бұл бағдарлама (9-20-25 ипотекалық бағдарламасы) әлі басталмаған, ешқандай лимиті де жоқ. Бағдарлама біздің жоспарымыз, есептеп жатырмыз. Бізге жас отбасылардан «кезекке тұра алмаймыз, 4 баламыз жоқ, арнайы бағдарлама жасап беріңіздер» деген сынды өтініш көп келеді. Сол жоспарымызға қатысты ақпарат Интернетке тарап кетіпті. Ол бағдарлама болса, 2024 жылы ресми ақпаратын береміз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол аталған бағдарламаның жан-жақты шарттары мен тетіктері келер жылы ғана белгілі болатындығын атап өтті.