Бүкіләлемдік банк Қазақстанда құны 1 млрд АҚШ доллары болатын екі ауқымды жобаны қолға алмақ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біз қалпына келу кезеңінде Қазақстанға көмек беретін екі жобаны дайындап жатырмыз. Біріншісі, құны 500 млн АҚШ доллары болатын жоба - мал шаруашылығын қалпына келтіруге көмектеседі. Малмен айналысатын ұсақ шаруаларды қолдауға бағытталған. Үкімет мал шаруашылығы фермерлерін қолдауға бағытталған бағдарлама құра алады. Бұл жоба Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі үшін аса маңызды», - деді Бүкіләлемдік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчук.
Оның айтуынша, бұдан бөлек тағы цифрлық даму және жасанды интеллектіні дамыту бойынша жоба қолға алынып жатыр. Бүгінде оның құны шамамен 500 млн АҚШ доллары.
Банктің Орталық Азия бойынша жетекші экономисі Ивайло Изворскидің айтуынша, Орталық Азиядағы экономикалық ахуал әлемдегі экономикалық жағдайға тікелей байланысты.
«Мұнай бағасы өте төмен деңгейде. Әлемде мұнайға сұраныс ұсыныстан гөрі азайды. Мұнай бағасы 2-3 жыл бойы біз күткен бағадан төмен тұруы мүмкін», - деді И.Изворски.