15 шіл, 2025 сағат 11:16

Бүгін Түркістан облысында +46°C дейін ыстық болады

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бірқатар облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Ult.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство бүгін:

  • - Түркістан облысында +46°C дейін
  • - Қызылорда облысында +45°C дейін
  • - Атырау мен Маңғыстау облыстарында +44°C дейін ыстық болатынын ескертті.

Сондай-ақ БҚО, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Жетісу және басқа облыстарда +42°C дейінгі ыстық күтіледі.

Ал Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және басқа өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл және қатты жел болады деп болжанды.