«Вакцинаға қатысты көп проблема шығып отыр. Мұны ендi халықаралық стандарттарға сәйкестендiру керек. Ескерту жасамай, әрекет ету қажет. Сапасыз вакцина болса, жауапты адамдарды тәртiпке шақыру керек. Бұл үлкен жұмыс, қалған бес облыс бойынша сiбiр жарасынан шығу қажет. Мамыр айына дейiн нақты жұмыс жасалуы тиiс. Оның үстiне, көршi елдерде жағдай қалай болып жатқанын өздерiңiз бiлесiздер. Осыған байланысты бiздiң ұстанымымыз нық, тұрақты болып, басқа елдермен де жұмысымыз iлгерiлеуi керек», - дедi Б.Сағынтаев.
Айта кетейiк, сiбiр жарасына қарсы сапасыз вакцинаға қатысты қазiр құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргiзiп жатыр.
Еске салсақ, биыл бiрқатар облыстарда сiбiр жарасы тарап, iндеттi жұқтырған бiрнеше адам көз жұмған едi.