- 2015 жылдың 9 қазанынан кейін бүгін алғаш рет Brent мұнайының бағасы бір баррелі үшін 54 доллардан асты.
ICE биржасындағы сауда көрсеткіштері осыны айғақтайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мұнайдың баррелі 54 доллардан асқан соң да, бағаның өсімі жалғасып, Мәскеу уақытымен сағат 19:14-те 54,24 долларға жетті. 1 желтоқсан күні Brent мұнайының баррелі $53 болған еді.
Еске сала кетсек, ОПЕК-ке мүше мемлекеттер 2008 жылдан бері алғаш рет мұнай өндірісін тәулігіне 1,2 миллион баррельге дейін азайту туралы келісімге келгеннен кейін, мұнай бағасы екінші күн қатарынан өсіп келеді.
Картельдің кездесуі 30 қараша күні Венада өтті. ОПЕК мүшелері мен ұйымға кірмейтін мемлекеттер мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 миллион баррельге дейін азайтуды көздеп отыр.
Мұнай өндірісін шектеу туралы келісім 2017 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді. Жарты жылға есептелген келісім нарық жағдайына байланысты ұзартылуы мүмкін.