Фото: kfb.kz
Қазақстандық Гүлсая Ержан Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Өткен жылы Иордания астанасы Амманда ересектер арасында күміс жүлдеге қол созған Гүлсая бұл жолы 81 келіге дейінгі салмақтың финалында шаршы алаң иесі Порниппа Чутимен рингке шықты.
Төрешілер бірінші раундта жергілікті боксшы басым деп тапқанымен, екінші кезеңде Гүлсая таразы басын өзіне аударды. Қорытынды есеп – 3:2, Гүлсая Ержанның пайдасында.
Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы Азия біріншілігінде 2 алтын, 7 қола медальді жеңіп алды.
Бұдан бұрын Жасмин Қизатова (70 кг) чемпион атанса, Мөлдір Тойкова (50 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Виктория Графеева (57 кг), Шахназ Исаева (60 кг), Назерке Серік (63 кг), Ақнар Ищанова (66 кг) және Дана Дидай (75 кг) қола жүлдеге ие болған еді.