Сербияның Белград қаласында бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz.
75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс алғашқы кездесуін сәтті аяқтады. Ол черногориялық Стефан Савковичпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетелік, Нұрқанат әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысып отыр. Сондай-ақ, бүгін Сәкен Бибосынов (51 келі) шаршы алаңға шығып, өзбекстандық Хасанбой Дусматовты жеңді.
Айта кетейік, бокстан әлем чемпионаты 13 салмақ дәрежесінде өтіп жатыр.